Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады.
- Бекіткіш тетікті (21) және қысқыш иінтіректі (39) аралаудан бұрын әрдайым мықтап тартыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр құралын қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А сақтандырғышта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Нұсқау: Егер электр құрал қосудан кейін бірден толық айналымдар санымен айналса, онда іске қосу тогын шектеу керек емес. Электр құралын қызмет көрсету орталығына жіберу керек.