Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы тік қойылатын құрылғы ретінде қатты және жұмсақ ағашта, сондай-ақ жоңқалық және талшықтық плиталарда кесудің түзу бағытымен бойлық және көлденең кесу жұмыстарын орындауға арналған. Бұл ретте –52° және +60° аралығындағы көлденең еңіс бұрыштары және –2° және +47° аралығындағы тік еңіс бұрыштары болуы мүмкін.
Тиісті ара дискілерін пайдаланған кезде алюминий профильдері мен пластикті аралауға болады.
Бұл өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады.