Аккумуляторлық картридждік пресстер үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
- Картридждік пресс автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті қайта баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
- Аккумуляторлық картридждік пресспен жұмыс істегенде пайдалану материалының өндірушісі ұсынған жеке қорғау жабдықтарын кийіңіз. Ол үшін нұсқаулықтарды пайдалану материалының қауіпсіздік нұсқауларын табасыз. Әрдайым қорғаныс көзілдірігі мен қолғапты кийіңіз, олар химиялық заттектермен істеуге арналған болуы тиіс. Материалға байланысты ретте басқа қорғаныс шараларыда қажетті болады.
- Осы электр құралы тек тығыздауыш заттектерді және желімдерді жеңдік пакеттерден және картриджлерден шығаруға арналған. Басқа материалдар түрлерін беру немесе клиенттік орам жүйелерін пайдалануға тыйым салынады.
- Ұшқыр және қауіпті заттектерді өңдеуде жұмыс орны жетерлік желдетілуіне және керек болғанда сай противогаз тағылуына көз жеткізіңіз.
- Жеңдік пакет пен картридждер өлшемі осы электр құралы үшін дұрыс болуына көз жеткізіңіз. Жеңдік пакет пен картридждер пакет және картридж ұстағышына сай болуына және ол электр құралында қатты бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Сосын материалға басуды бастаңыз.
- Ешқашан материалды дұрыс емес бағытталған немесе тығылып қалған картиджден бермеңіз.
- Ұшатын бөлшектердің қауіпін алдын алу үшін, электр құралы ешқашан бос тығыздармен қолданбауына көз жеткізіңіз. Егер бүріккіш форсункасы пайдалану кезінде бұғатталса, оны алмастыру керек.
- Пайдалану кезінде электр құралын ешқашан өзіңізге немесе басқа адамдарға бағыттамаңыз.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |