Мақсаты бойынша қолдану
Электр құралы бетон (мысалы, құйма бетон, ерітінді құйылған жіктер) және болат (мысалы, құрылыстық болат, ыссы илемделген болат) сияқты қатты материалдарға шеге қондыруға арналған.
Электр құралын тым жұмсақ үстіңгі беттерде (мысалы, сүрек, жеңіл құрылыстық материалдар) немесе тым қатты үстіңгі беттерде (мысалы, беріктігі жоғары болат) пайдалануға болмайды. Келесі астыңғы беттерде электр құралын пайдаланбаған жөн: табиғи тас, ерітіндімен толтырылған тік жіктер, қуыс блоктар, кірпіш, зертас кірпіш, шыны, шыңдалған болат, аспаптық болат, серіппелі болат, шойын, дәнекерленген жіктер.
Пайдалану алдында астыңғы беттің жарамдылығын тексеріңіз қараңыз Астыңғы беттің жарамдылығын тексеру.
Электр құралы тек қолмен пайдалануға арналған.
Электр құралы ішкі үй-жайда пайдалануға арналған.