Биіктігі реттелетін тірегішті реттеу

Биіктігі реттелетін тірегішпен (9) өңделетін бөлшектің жоғарғы жағы мен жонғыланатын ойық арасындағы қашықтықты белгілеуге болады.

Биіктігі реттелетін тірегішті (9) орнату үшін оны бұрыштық тірегішке (18) орнатып бұрама түймемен (8) бұрыштық тірегіштегі бағыттауышқа бұраңыз.

Нұсқау: орнату барысында күш қолданбаңыз! Дұрыс орнатылса тірегіш (9) бос жүреді.

Бүрама түйме (8) көмегімен биіктік шкаласында (4) керекті аралықты орнатыңыз. Сосын қысқыш тұтқаны (12) тартып қойыңыз.

Ойық дайындама ортасында орналасуы үшін биіктігі реттелетін тірегішті дайындама қалындығының жартысына реттеу керек.
Мысал: дайындамада қалындығы 18 мм болса биіктік шкаласында 9 мм реттеңіз.

Биіктігі реттелетін тірегішті (9) шешу үшін қысқыш тұтқышты (12) босатып тірегішті бұрама түймемен (8) жоғарыға бұрыштық тірегіштен (18) шығарыңыз.