Пайдалану нұсқаулары
- Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің немесе лазерлік сызықтың ортасын пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді.
Бұрама ұстағыштың (18) көмегімен өлшеу құралын 200°-қа орталық, әрдайым көрінетін перпендикуляр негізіне бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары тураланады да, өлшеу құралының орналасуы өзгермейді.
Дәлдеп реттеу бұрандасымен (19) тік лазер сызықтарын негізгі нүкелерге дәл бағыттауға болады.
Өлшеу құралын бағыттауыш ойығын (7) бұрама ұстағыштың (18) бағыттауыш рейкасына (17) қаратып орнатыңыз және өлшеу құралын платформаға тірелгенше кіргізіңіз.
Ажырату үшін өлшеу құралын кері бағытта бұрама ұстағыштан шығарыңыз.
Бұрама ұстағыштың орналастыру мүмкіндіктері:
- тегіс бетке тұрғызылған күйде,
- тік бетке бұрап бекітілген күйде,
- магниттердің (20) көмегімен метал беттерде,
- төбе қапсырмалары (21) көмегімен төбе рейкаларында.
- Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан бұрын бұрама ұстағышты (18) дөрекі бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағыштың (22) көмегімен өлшеу құралын, мысалы, тік аймақтарға немесе магнитті материалдарға бекітуге болады. Әмбебап ұстағыш едендік штатив ретінде де пайдаланылады және өлшеу құралының биіктік бойынша туралануын оңтайландырады.
- Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (22) дөрекі бағыттаңыз.
Ұстағыштың (23) көмегімен өлшеу құралын тік жазықтықтарға немесе магнитке сезімтал материалдарға бекітуге болады. Төбелік қысқышпен (21) бірге өлшеу құралын биіктігі бойынша да туралауға болады.
- Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан бұрын ұстағышты (23) дөрекі бағыттаңыз.
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
- Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
- Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.