Іске қосу
Минералды шаң сияқты шаң денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін. Шаңның тиюі немесе жұтылуы пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Асбест қамтитын материалды тек қана техник мамандар өңдеуі керек.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес беріледі.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.
- Беріліс ауыстырып-қосқышын электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышын (7) қалаулы беріліске (1 немесе 2) бұраңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (7) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын алдын ала таңдауға болады.
1-беріліс:
Төменірек айналу жиіліктерінің диапазоны, жоғары айналу моменті, максималды араластырғыш қондырма диаметрі 160 мм
Қатты материалдарды өңдеу үшін мінсіз жарамды
2-беріліс:
Жоғарырақ айналу жиіліктерінің диапазоны, төменірек айналу моменті, максималды араластырғыш қондырма диаметрі 140 мм
Жеңіл немесе сұйық материалдарды өңдеу үшін мінсіз жарамды
Айналу жиілігін ажыратқыш көмегімен реттеу
Ажыратқышты (3) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналу жиілігін біртіндеп реттеуге болады.
Ажыратқышты (3) жай басқанда, электр құралы төменірек айналу жиілігімен жұмыс істейді. Басу күші күшейгенде, айналу жиілігі артады.
Айналу жиілігін реттегіш дөңгелектің көмегімен реттеу
Қалаған айналу жиілігін айналмалы реттегіштің (5) көмегімен де алдын ала таңдауға болады (сондай-ақ жұмыс барысында).
Қажетті айналу жиілігі араластырылатын өнімге және жұмыс жағдайларына байланысты.
Жылдам өшіру (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралы жоқ электр құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы айналу осі бойынша кездейсоқ және кенет айналса, электр құралы өшіп қалады.
Жылдам өшіру электр құралындағы KickBack Control жарық диодының (6) қызыл түспен жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты жіберіп, қайта басыңыз.
- Егер KickBack Control функциясы ақаулы болса, электр құралы бұдан былай қосылмайды. Электр құралыңызды тек қана білікті маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен бірге жөндетіңіз.