Құралды ауыстыру

GDR 18V-210 C / GDX 18V-210 C:

Бекіту төлкесін (2) алға тартып, алмалы-салмалы аспапты тірелгенше құрал бекіткішіне (1) жылжытыңыз да, бекіту төлкесін (2) жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.

Соққыға төзімді бұрауыш биттерді (12) шар тәрізді ысырмасы бар әмбебап бит ұстағышы (13) арқылы енгізуге болады.

GDX 18V-210 C / GDS 18V-210 C:

  • Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды.

Алмалы-салмалы аспапты (14) құрал бекіткішінің (1) квадратына салыңыз.

Жүйеге қарай алмалы-салмалы аспап (14) құрал бекіткішінде (1) аздап бос тұрады; бұл жұмысына/қауіпсіздігіне әсер етпейді.

Кейбір алмалы-салмалы аспаптар (мысалы, қос биттер) құрал бекіткішіне берік бекітілмейді.

Бекіту төлкесін (2) алға қарай жылжытып, алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.