Баспақтарға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
Ешқашан саусағыңызды немесе басқа дене мүшелерін цилиндрдің және қысқыштардың, соның ішінде аралық қысқыштар немесе қысқыш сақиналардың жұмыс аймағында ұстамаңыз. Саусағыңыз немесе басқа дене мүшелері қысылып қалуы және жарақаттануы мүмкін.
- Электр құралымен жұмыс істеу кезінде қорғаныш көзілдірік тағып жүріңіз. Осылайша көзіңізді ақау орын алған жағдайда шығып кететін гидравликалық сұйықтықтан және ұшпа бөлшектерден қорғайсыз.
- Электр құралын тек 16 жасқа толған, оқытылған кәсіпқой мамандарға ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Осылайша адамдарға төнетін қауіп азайтылады.
- Электр құралын бір адам өзі жалғыз ғана пайдалануы керек. Басқа адамдарды электр құралының қауіпті аймағынан шығарыңыз. Осылайша адамдарға төнетін қауіп азайтылады.
- Электр құралын, құрал бастиегі көрінетін болса және қауіпті аймақта қол-аяқтың орналаспағанына көз жеткізе алсаңыз ғана пайдаланыңыз. Осылайша жарақат алудың алдын аласыз.
- Электр құралын қолмен ғана пайдаланыңыз. Қосу/өшіру түймесі мен бастапқы күйге қайтару түймесі төтенше жағдайда пайдалануға болатындай қолжетімді болуы керек.
- Баспақты тек салынған қысқышпен пайдалануға болады. Баспақ техникалық мінсіз күйде болуы керек. Еш жағдайда зақымдалған қысқыш саптамаларды (қысқыш, қысқыш сақина, сақина қысқышы және т.б.) жөндеуге әрекеттенбеңіз. Зақымдалған қысқыш саптаманы толықтай кәдеге жаратыңыз. Дәнекерленген, ажарланған, тесілген немесе басқа жолмен өзгертілген қысқыш саптама баспақтау процесінің барысында сынуы және ауыр жарақат тигізуі мүмкін. Қысқыш саптама толықтай алмастырылмаған жағдайда, компоненттер істен шығуы және ауыр жарақат тигізуі мүмкін.
- Тек жарамды және Bosch компаниясы ұсынған қысқыштар мен қысқыш фитинг жүйелерін пайдаланыңыз. Қысқыштар мен қысқыш фитингілердің жарамсыз тіркесімдері толық емес қосылымды тудыруы мүмкін.
- Қысқышты салғаннан кейін жапқыштың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Осылайша қысқыштың жұмыс кезінде кенет босап қалмауын қамтамасыз етесіз.
- Электр құралы, электр бөлшектері немесе жетек бөлшектері бос болатындай қатты зақымдалған болса, жұмысты дереу аяқтаңыз. Аккумуляторды шығарып, электр құралын Bosch қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз. Дұрыс орындалмаған жөндеу жұмыстарының салдарынан пайдаланушыға елеулі қауіп төнуі мүмкін.
- Орнату жұмыстары аяқталғаннан кейін, құбыр жүйесінің саңылаусыздығын арнайы тексеру құралдарымен тексеріп шығыңыз.
- Жүйе жеткізушісі электр құралын арнайы тексерілген қысқыш фитингілермен мақұлдамаған болса, ешқашан баспақтау жұмыстарын газ құбырларының желілерінде жүргізбеңіз.
- Қысқыш фитинг пен құбыр өндірушілерінің орнату ережелерін сақтаңыз.
- Электр құралын минутына ең көбі 4 баспақтау әрекеті үшін пайдаланыңыз. Осылайша электр құралының қызуына жол бермейсіз.
- Электр кернеуінің астында тұрған бөлшектерді баспақтамаңыз. Тоқ соғу қаупі бар.
- Биік жерде жұмыс істеген жағдайда электр құралын құлаудан қорғайтын құралдармен берік бекітіп, жұмыс аймағының астында адамдардың жоқтығына көз жеткізіңіз. Бас үстінен орындалатын жұмыстар үшін бас қорғанысын киіп жүріңіз. Осылайша электр құралы кенет құлаған жағдайда, мүлікке залал келтірудің және адамдарға жарақат тигізудің алдын алуға болады.
- Дұрыс орындалмаған жөндеу жұмыстарының салдарынан пайдаланушыға елеулі қауіп төнуі мүмкін. Баспақты тек техникалық мінсіз күйде пайдаланыңыз. Зақымдарды дереу Bosch қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз. Дұрыс орындалмаған жөндеу жұмыстарының салдарынан пайдаланушыға елеулі қауіп төнуі мүмкін.
- Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек Bosch өкілетті кәсіби шеберханаларда жүргізуге болады. Дұрыс орындалмаған жөндеу жұмыстарының салдарынан пайдаланушыға елеулі қауіп төнуі мүмкін.
- Баспақтау процесінің барысында ақаулар орын алса, бастапқы күйге қайтару түймесін бірден басыңыз да, ажыратқышты жіберіңіз. Бастапқы күйге қайтару түймесін, қозғалтқыш өшкенше басып тұрыңыз. Клапан ашылып, цилиндр бастапқы күйге қайтып оралады. Осылайша жарақат тигізу және мүлікке залал келтіру жағдайларының алдын алуға болады.
- Май аққан жағдайда, электр құралын өндірушіге қайтару керек.
- Шығып кеткен гидравликалық майдың тиюіне жол бермеңіз. Теріге тисе, оны сабынмен және сумен жақсылап жуып шығыңыз. Көзге тисе, оны бірден судың жеткілікті мөлшерімен кемінде 10 минут шайыңыз. Гидравликалық майдың тиюі тітіркенуге және аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін.
- Электр құралын жарылғыш ортада пайдаланбаңыз.
- Электр құралын қауіпсіз өшіргеннен кейін ғана аккумуляторды шығарыңыз.
- Электр құралын ашпаңыз. Әйтпесе қауіпсіз жұмыс істеуге кепіл берілмейді және кепілдік күші жойылады.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |