Қолданба арқылы басқару
Электр құралы Bluetooth® модулімен жабдықталуы мүмкін, ол белгілі бір ақырғы мобильді құрылғыларға Bluetooth® интерфейсімен (мысалы, смартфон, планшет) радиотехника арқылы деректерді тасымалдауға мүмкіндік береді.
Электр құралын Bluetooth® арқылы басқару үшін "Bosch PRO360 " атты Bosch қолданбасы қажет болады. Қолданбаны қолданбалар дүкені арқылы (Apple App Store, Google Play Store) жүктеп алыңыз.
Содан кейін қолданбада "My Tools" тармағын таңдаңыз. Ақырғы мобильді құрылғыңыздың дисплейінде электр құралыңыздың ақырғы құрылғымен байланыстыру үшін барлық қалған қадамдары көрсетіледі.
Ақырғы мобильді құрылғымен байланыс орнатылғаннан кейін, төмендегі функциялар қолжетімді болады:
- Тіркеу және дербестеу
- Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
- Жалпы мәліметтер мен реттеулер
- Басқару
- Айналу жиілігінің деңгейлерін реттеу
- Жұмыс режимдерін реттеу
Secure Socket Release
Бұрандалар мен гайкаларды бұрап кіргізу және босату кезінде бүйірлі бастиек қысылып қалуы мүмкін. "Secure Socket Release" функциясын іске қосу арқылы осы жағдайдың ықтималдығын айтарлықтай азайтуға болады. Бұл ретте электр құралы алмалы-салмалы аспаптың айналу бағытын қысқа уақытқа қарама-қарсы бағытқа өзгертеді.
"Secure Socket Release" функциясын Bosch PRO360 App қолданбасы арқылы іске қосыңыз.