18 В литий-иондық аккумулятормен (керек-жарақ) пайдалану

Зарядталған аккумуляторды (5) орнату үшін оны аккумулятор бөлімшесіне (22) сезіліп тірелгенше жылжытыңыз.

Аккумуляторды шығарып алу үшін аккумуляторды босату түймесін (6) басып, аккумуляторды аккумулятор бөлімінен (22) тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.

Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен қорғайтын 2 құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор өлшеу құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап тұрады.