Қолданысқа енгізу
- Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (6) басыңыз.
Пайдаланушы интерфейсі жанады.
Бірмәртелі іске қосу белсенді болып, (26) индикаторы жанады.
- Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (6) басыңыз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Ауызды (15) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
Жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады. - Содан кейін іске қосу құрылғысын (5) қысқа уақыт басыңыз да, жіберіңіз.
Осылайша қапсырма қағылады. - Электр құралын дайындамадан кері жылжытыңыз.
- Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын дайындамадан толықтай шығарып, оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Режим түймесін (25) қысқаша басу арқылы түйіспелі іске қосу режимін белсендіріңіз.
Түйіспелі іске қосу индикаторы (27) ақ түспен жанады. - Іске қосу құрылғысын (5) басып тұрыңыз.
Бұл ретте жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады. - Ауызды (15) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
Осылайша қапсырма қағылады. - Қағу әрекетін жалғастыру үшін іске қосу құрылғысын (5) ары қарай басып тұрыңыз және электр құралын дайындамадан толықтай көтеріп алыңыз. Оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
- Режим түймесін (25) қайта басу арқылы бірмәртелі іске қосу режиміне ауысыңыз.
Бірмәртелі іске қосу индикаторы (26) жанады.