Іске қосу
Электр құралын қосу үшін ең алдымен электр құралының артқы жағындағы қосылуға қарсы бұғаттау (6) түймесін басыңыз . Содан кейін ажыратқышты (5) басып тұрыңыз.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (5) бекітіп қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде басып тұру қажет.
Жұмыс шамы (14) ажыратқыш (5) кішкене немесе толық басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз. Содан кейін ажыратқышты (5) кездейсоқ қосылаудан сақтау үшін, электр құралының алдыңғы жағындағы қосылуға қарсы бұғаттау түймесін (6) басыңыз.
Таспалы ара төсемінің жылдамдығын ажыратқышты (5) қаншалықты ұзақ басуыңызға қарай бірқалыпты реттей аласыз.
Сермердің (4) көмегімен таспа жылдамдығын алдын ала таңдап, жұмыс барысында өзгертуге болады.
Сермер сатысы | Таспа жылдамдығы (м/мин) |
---|---|
1 | 30 |
2 | 45 |
3 | 65 |
4 | 85 |
5 | 100 |
6 | 115 |
Талап етілетін таспа жылдамдығын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.