Белгілер

Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады.

Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.

Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін.

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

‎3 601 M44 000
‎3 601 M44 0K0
‎3 601 M44 040

‎3 601 M44 0B0

Ара дискісінің өлшемдеріне назар аударыңыз. Саңылау диаметрі аспап шпинделіне бос қуыссыз сәйкес келуі тиіс. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына және саңылаулардың диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сәйкес болғанына көз жеткізіңіз. Ара дискісімен жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз.

Ара дискісінің диаметрі белгідегі дерекке сәйкес келуі тиіс.

‎3 601 M44 000
‎3 601 M44 0K0
‎3 601 M44 040

a Ара дискісінің диаметрі ең көбі 216 мм болуы тиіс.

b Ара дискісін алмастыру кезінде кесік ені 1,7 мм-ден кем болмағанына және ара дискісінің қалыңдығы 1,5 мм-ден артық болмағанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе сына дайындамаға ілінуі мүмкін.

c Сынаның қалыңдығы 1,6 мм құрайды.

d Тістердің кесу бағыты (ара дискісінің көрсеткі бағыты) сынадағы көрсеткі бағытына сай болуы тиіс.

‎3 601 M44 0B0

a Ара дискісінің диаметрі ең көбі 216 мм болуы тиіс.

b Ара дискісін алмастыру кезінде кесік ені 2,3 мм-ден кем болмағанына және ара дискісінің қалыңдығы 2,1 мм-ден артық болмағанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе сына дайындамаға ілінуі мүмкін.

c Сынаның қалыңдығы 2,2 мм құрайды.

d Тістердің кесу бағыты (ара дискісінің көрсеткі бағыты) сынадағы көрсеткі бағытына сай болуы тиіс.

‎3 601 M44 000
‎3 601 M44 0K0
‎3 601 M44 040

Сынаның қалыңдығы 1,6 мм құрайды.

Максималды ықтимал дайындама биіктігі 70 мм құрайды.

‎3 601 M44 0B0

Сынаның қалыңдығы 2,2 мм құрайды.

Максималды ықтимал дайындама биіктігі 70 мм құрайды.

Сол жағы:
Ара дискісін түсіру (тасымалдау күйі) және көтеру (жұмыс күйі) үшін қос иіннің айналу бағытын көрсетеді.

Оң жағы:
Ара дискісін бекіту үшін және тік еңіс бұрышын реттеу кезіндегі бекіту иінтірегінің күйін көрсетеді (ара дискісі қайырылады).

Өндіруші CE белгісі арқылы электр құралының қолданыстағы ЕU директиваларына сәйкес келетіндігін растайды.