Ажарлауыш құралдарын орнату
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (5) және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін (1) басып, шпиндельді бекітіңіз.
- Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.
Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).
Монтаждау реттілігі графикалық бетте көрсетілген.
Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін қысқыш гайканы (10) орнатыңыз және екі саңылаулы гайка кілтімен бұрап бекітіңіз қараңыз Тез қысқыш гайка .
- Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Тірек фланецінде (8), ортаға келтіру буылтығының айналасында пластие бөлшек (тығыздауыш сақина) орнатылған. Тығыздауыш сақина жоқ немесе зақымдалған болса, тірек фланецін (8) ары қарай пайдаланбай тұрып, міндетті түрде ауыстыру керек.
- Резеңке тегістеу тәрелкесімен (18) жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын (16) киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Резеңке ажарлау тәрелкесін (18) орнатудан бұрын 2 дистанциялық шайбаны (17) ажарлау шпинделіне (5) орнатыңыз.
Домалақ гайканы (20) орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі бар гайка кілтімен бекемдеңіз.
- Тостсаған тәрізді қылшықпен жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын (16) киіңіз.
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Тостаған тәрізді қылшақ/дискілік қылшақты шпиндельге шпиндель фланеці шпиндель ирек оймасына тығыз тақалып тұратындай бұрап бекіту керек. Айыр тәрізді кілтпен тостаған тәрізді/дискілік қалшықты бекемдеңіз.