Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
- Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң/жоңқа сорғыш шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы бітелуі мүмкін.
- Электр құралын өшіріп, аккумуляторды шығарыңыз.
- Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
- Бітелу себебін анықтап жойыңыз.
Өзіндік сору (C суретін қараңыз)
Жоңқаны оңай ұстап алу үшін шаң жинағыш қапты (57) (керек-жарақ) пайдаланыңыз.
- Шаң жинағыш қапты (57) жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (2) салыңыз.
Шаң жинағыш қап аралау кезінде жылжымалы құрылғы бөліктеріне тимеуі тиіс.
Шаң жинағыш қапты дер кезінде босатыңыз.
- Шаң жинағыш қапты әр пайдаланғаннан кейін тексеріп тазалаңыз.
- Өрт қаупінің алдын алу үшін алюминийді аралау кезінде шаң жинағыш қапты алып тастаңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін жоңқа шығатын жерге (2) шаңсорғыш шлангын (Ø 35 мм) қосу мүмкін.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.