Алмалы-салмалы аспапты енгізу (A–B суреттерін қараңыз)
GDR 18V-215:
НҰСҚАУ: өнім нөміріне байланысты биттердің белгілі бір түрдері ғана енгізіледі (төмендегі кестені қараңыз).
GDR 18V-215: | 3 601 JN2 020 | 3 601 JN2 0L0 |
Бір жақты бит | 9,5 мм | 9,5 мм 14 мм |
Екі жақты бит | 9,8 мм | 9,8 мм 17 мм |
Бекіту төлкесін (2) алға тартып, алмалы-салмалы аспапты тірелгенше аспап патронына (1) жылжытыңыз және бекіту төлкесін (2) жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Бұрауыш биттерді (13) шар тәрізді ысырмасы бар әмбебап бит ұстағышы (12) арқылы енгізуге болады.
- Алмалы-салмалы аспаптарды қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқауды орындаңыз. Кейбір алмалы-салмалы аспаптар жоғары айналу моментіне байланысты электр құралы үшін жарамайды.
- Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды.
НҰСҚАУ: өнім нөміріне байланысты биттердің белгілі бір түрдері ғана енгізіледі (төмендегі кестені қараңыз).
GDX 18V-285: | 3 601 JN2 120 | 3 601 JN2 1L0 |
Бір жақты бит | 9,5 мм | 9,5 мм 14 мм |
Екі жақты бит | 9,8 мм | 9,8 мм 17 мм |
Алмалы-салмалы аспапты (14) құрал бекіткішінің (1) квадратына салыңыз.
Жүйеге қарай алмалы-салмалы аспап (14) құрал бекіткішінде (1) аздап бос тұрады; бұл жұмысына/қауіпсіздігіне әсер етпейді.