Қолданысқа енгізу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол бермейді.
- Қайта іске қосу үшін қозғалтқыш ажыратқышын (9) "I" күйіне басыңыз.
Нұсқау: ток берілуі қалпына келсе, жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (15) RESET түймесін басыңыз. Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (15) индикатор (16) қызыл түспен жанған соң магнит автоматты түрде қосылады.
Электр құралы артық жүктемеден қорғаныспен жабдықталған. Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына артық жүктеме түспейді. Тым қатты жүктеме түскен жағдайда, электр құралының электроникасы өшіп қалады. Магнит белсенді күйде қалады.
- Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін қозғалтқыш ажыратқышын (9) "I" күйіне басыңыз.
Электр құралымен қайтадан жұмыс істемес бұрын төмендегі қадамдарды орындаңыз:
- Бітелуі мүмкін жерлерді тазартыңыз. Алмалы-салмалы аспап қысылса, солға айналу функциясын пайдалануға болмайды.
- Электр құралын шамамен 1 минут ішінде жұмыс істетіңіз де, ол қайтадан пайдалануға дайын болады.
Артық жүктеме индикаторы
Артық жүктеме индикаторы (6) қосылған электр құралына артық жүктеме түскенін көрсетеді.
Артық жүктеме индикаторы (6) | Артық жүктеме |
---|---|
Үздіксіз жарық, жасыл | артық жүктеме жоқ |
Үздіксіз жарық, сары | ауыр жүктеме
|
Жыпылықтайтын жарық, қызыл | өте ауыр жүктеме
|