Құралды алмастыру (A суретін қараңыз)
- Жетек блогын қол қос иінінің (4) көмегімен толықтай жоғары қарай бұраңыз.
- Алмалы-салмалы аспаптарда май болмағанына көз жеткізіңіз.
- Шығару істігін (26) бұрғылау коронкасына (27) енгізіңіз (TCT және HSS бұрғылау коронкалары әртүрлі диаметрлі шығару істіктерін қажет етеді).
- Бұрғылау коронкасын шығару істігімен бұрғылау коронкасының адаптеріне (22) енгізіп, бұрандаларды алты қырлы дөңбек кілтпен (6 мм) (25) мықтап тартыңыз.
Велдон білігі бар бұрғылау коронкасын қолданған жөн. - Бұрғылау коронкасының адаптерін құрал бекіткішіне (12) енгізіңіз.
- Суыту сұйықтығының шлангісін (37) бұрғылау коронкасының адаптеріндегі жалғағыш келте құбырға жалғаңыз.
Морзе конусы бар құралдар MK2:
- Құралды тікелей құрал бекіткішіне (12) енгізіңіз.
Морзе конусы бар құралдар MK1:
- Құралды азайту төлкесіне (MK2/MK1) (30) енгізіңіз.
- Құралы енгізілген азайту төлкесін құрал бекіткішіне (12) енгізіңіз.
Цилиндрлік білігі бар құралдар:
- Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (32) конустык жақтауға (33) бұрап кіргізіңіз де, құралды енгізіңіз.
- Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны бұрап кіргізілген конустык жақтауды құрал бекіткішіне (12) енгізіңіз.
- Құралдың мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
- Морзе конусын немесе конустық жақтауды енгізу кезінде күш салмаңыз. Бұл құрал бекіткішіне және енгізілген құралдарға зақым келтіруі мүмкін.
Таңбалау үшін жарамды таңбалауыш адаптерін (23) пайдаланыңыз.
- Таңбалауышты (24) адаптерге (23) енгізіңіз.
- Адаптерді (23) енгізілген таңбалауышпен (24) бұрғылау коронкасының адаптеріне (22) енгізіңіз де, оны алты қырлы дөңбек кілтпен (6 мм) (25) бұрап бекітіңіз.
- Бұрғылау коронкасының адаптерін (22) құрал бекіткішіне (12) енгізіңіз.
- MK2 шығару сынасын (34) қиғашталған жиек төмен қарап тұратындай саңылауға (13) кіргізіңіз.
Егер шығару сынасы (34) жетек шпинделіне енгізілмесе, алмалы-салмалы аспапты азғантай бұраңыз. - Шығару сынасын (34) балғаның көмегімен құрылғыға қарай басып, алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішінен босатып шығарыңыз.