Қосымша тұтқа (A суретін қараңыз)
- Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге пайдаланыңыз (5).
- Кез келген жұмысты орындау алдында қосымша тұтқаның нық тартылғанына көз жеткізіңіз. Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі мүмкін. Қосымша тұтқа ары қарай бұрғы білігінің бағытымен жылжымаса, бұл оның жеткілікті нық тартылғанын білдіреді.
Қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне қол жеткізу үшін қосымша тұтқаны (5) кез келген жаққа қайыруға болады.
Қосымша тұтқаның (5) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (5) қалаулы күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (5) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.