Қателерді белгілеу
Төмендегі кестеде ақау белгілері және электр құралыңыз дұрыс жұмыс істемеген жағдайда көмектесуі мүмкін шешімдер көрсетілген. Мәселені жергіліктендіру және шешу мүмкін болмаса, қызмет көрсету шеберханамызға жолығыңыз.
- Назар аударыңыз: ақауларды іздеу алдында электр құралын өшіріп, желілік ашаны суырып шығарыңыз.
Белгі | Ықтимал себебі | Шешімі |
---|---|---|
Электр құралы жұмыс істемейді | алдыңғы тежегіш іске қосылды | Алдыңғы тежегішті белсендіруге арналған иінтіректі (4) позициясына кері тартыңыз. |
Аша жалғанбаған | Ашаны жалғаңыз | |
Розетка ақаулы | Басқа розетканы пайдаланыңыз | |
Сақтандырғыш іске қосылды | Сақтандырғышты ауыстырыңыз | |
Ұзартқыш кабель зақымдалған | Ұзартқыш кабельсіз жұмыс істеп көріңіз | |
Электр құралы үзілмелі түрде жұмыс істеп тұр | Желілік кабель ақаулы | Ара шынжырын тоқтату үшін алдыңғы тежегіш иінтірегін іске қосыңыз; желілік ашаны тексеріңіз және қажетінше алмастырыңыз |
Сыртқы немесе ішкі түйіспе сенімсіз | Ара шынжырын тоқтату үшін алдыңғы тежегіш иінтірегін іске қосыңыз; Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз | |
Ажыратқыш (2) ақаулы | Ара шынжырын тоқтату үшін алдыңғы тежегіш иінтірегін іске қосыңыз; Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз | |
Ара шынжыры тежелмейді | алдыңғы тежегіш/жүріс тежегіші ақаулы | Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз. |
Ара шынжыры/бағыттауыш шина қызып кетеді | Шынжыр керілісі тым жоғары | Шынжыр керілісін реттеңіз |
Ара шынжыры дөкір | Ара шынжырын алмастырыңыз | |
Электр құралы тарсылдап, дірілдеп тұр немесе тиісінше араламайды | Шынжыр керілісі тым төмен | Шынжыр керілісін реттеңіз |
Ара шынжыры дөкір | Ара шынжырын алмастырыңыз | |
Ара шынжыры тозған | Ара шынжырын алмастырыңыз | |
Ара тістері дұрыс емес бағытқа қарап тұр | Ара шынжырын дұрыстап монтаждаңыз |