Сорғыш үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
- Бұл шаңсорғыш балалардың, дене немесе ой қабілеттері шектелген, тәжірібесі және білімі аз адамдардың пайдалануына арналмаған. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақаттанулар қауіпі пайда болады.
- Балаларға абай болыңыз. Балалардың шаңсорғышпен ойнамауына көз жеткізіңіз.
- Сорылатын заттек бойынша қауіпсіздік техникасының барлық ережелерін сақтаңыз.
Асбестік заттектерді сормаңыз. Асбест канцерогенді болып табылады.
Шаңсорғышты пайдалану, соратын заттектер мен оларды дұрыс жою туралы қажетті ақпаратты алғаннан соң ғана шаңсорғышты пайдаланыңыз. Нұсқаулықтарды дәл орындау орынсыз пайдалану мен жарақаттануларды азайтады.
Шаңсорғыш құрғақ заттектерді және тиісті шаралар арқылы сұйықтықтарды да соруға арналған. Сұйықтықтар тиюі тоқ соғу қаупін арттырады.
- Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер сияқты жанғыш немесе жарылғыш сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
Розетканы тек пайдалану нұсқаулығында белгіленген мақсаттарда пайдаланыңыз.
Көбік немесе су шықса шаңсорғышты бірден өшіріп, контейнерін тазалаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш зақымдануы мүмкін.
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаңсорғышты тек ішкі бөлмелерде сақтау қажет.
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сұйықтық толтыру сенсорын жүйелі түрде тазалап, оның зақымдалмағанын тексеріңіз. Кері жағдайда шаңсорғыш дұрыс істемеуі мүмкін.
- Электр құралды ылғалды ортада пайдалану қажет болса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдалану тоқ соғу қауібін төмендетеді.
- Әр пайдаланудан алдын шаңсорғышты, кабельді және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз шаңсорғышты пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған шаңсорғыш, кабель және айыр электр тоғының соғу қаупін арттырады.
- Кабельді баспаңыз немесе оны жаншып тастамаңыз. Айырды розеткадан шығару немесе шаңсорғышты жылжыту үшін кабельді тартпаңыз. Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады.
- Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- Шаңсорғышты тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы шаңсорғыш қауіпсіздігін сақтайсыз.
- Егер шаңсорғыш денсаулыққа зиянды заттектер бар аймақтарда қолданылса, оны қауіпті аймақтан шығармас бұрын оның сыртын шаңсорғышпен тазалаңыз, сүртіңіз немесе саңылаусыз етіңіз. Шаңсорғыштың барлық бөлшектері ластанған деп есептеледі және денсаулыққа зиянды заттектердің таралуына жол бермеу үшін арнайы шаралар қолдану керек.
Сорғыш денсаулыққа зиян келтіретін шаңды жұтады. Босату және техникалық қызмет көрсету әрекеттерін, соның ішінде шаң жинағыш контейнерді тазалау бойынша жұмыстарды мамандандырылған кәсіпорындарға орындауға тапсырыңыз. Тиісті қорғаныс жабдығы қажет болады. Сорғышты толық және мұқият енгізілген сүзгі жүйесінсіз пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға зиян келуі мүмкін.
- Пайдалану алдында сорғыш шлангтың ақаусыз болуына көз жеткізіңіз. Шаң таралмауы үшін сорғыш шлангы шаңсорғышқа қосулы тұрсын. Шаңды жұтып жіберу мүмкін.
- Шаңсорғыш үстіне отырмаңыз. Шаңсорғышты бұзуыңыз мүмкін.
- Желі кабелін және сорғыш шлангын абайлап пайдаланыңыз. Олардың өзге адамдарға зиян келтіруі мүмкін.
- Шаңсорғышты тікелей бағыттылған су ағынымен тазаламаңыз. Шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.
- Шаңсорғышты тиісті тәртіппен жерге тұйықталған ток желісіне жалғаңыз. Розетка мен ұзартқыш кабельде ақаусыз қорғаныш сым болуы қажет.
- Шаңсорғыштағы розетканы ылғалды сору немесе дымқыл ортада пайдаланбаңыз. Сумен жанасу орын алған жағдайда, қысқа тұйықталу немесе ток соғу қаупі туындайды.