Сору керек-жарақтарын орнату (A суретін қараңыз)
Сорғыш шланг (30) сору керек-жарағын (құрама сору адаптері (27), қисайған қондырма (31), құрама қылшақ қондырмасы (26)) жалғауға мүмкіндік беретін қысқыш жүйесімен жабдықталған.
Құрама сору адаптері (27) PowerTool адаптерінен (алдыңғы бөлік) (36) және PowerTool адаптерінен (артқы бөлік) (37) тұрады.
Құрама сору адаптері (27) Bosch электр құралдарымен үйлесімді.
PowerTool адаптерін (артқы бөлік) (37) 38,5 мм ішкі диаметрі мен 45 мм сыртқы диаметрінің арқасында басқа өндірушілердің электр құралдарымен бірге пайдалануға болады.
PowerTool адаптерін (алдыңғы бөлік) (36) PowerTool адаптеріне (артқы бөлік) (37) енгізіп, екі адаптерді бір-біріне қарама-қарсы бұрау арқылы байланыстырыңыз (B суретін қараңыз).
Құрама сору адаптерін (27) сорғыш шлангіге (30), сорғыш шлангінің әр батырмасы (35) шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
Бөлшектеу үшін батырмаларды (35) ішке басып, құрама сору адаптерін сорғыш шлангіден суырып алыңыз.
Екі адаптерді ажырату үшін бір-біріне қарама-қарсы бағытпен бұрау арқылы қосылымды босатыңыз да, адаптерді бөлшектеңіз.
Құрама қылшақ қондырмасын (26) қуыс қондырмасы ретінде пайдалануға болады.
Құрама қылшақ қондырмасын (26) қылшақ ретінде пайдалану үшін құлыптан босату түймесін (38) басып, қылшақты алға жылжытыңыз.
Құрама қылшақ қондырмасын (26) қуыс қондырмасы ретінде пайдалану үшін құлыптан босату түймесін (38) басып, қылшақты артқа тартыңыз.