Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.

  • Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз.
  • Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
  • Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.

Шаң/жоңқа сорғыш шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы бітелуі мүмкін.

  • Электр құралын өшіріп, аккумуляторды шығарыңыз.
  • Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
  • Бітелу себебін анықтап жойыңыз.

Өзіндік сору (C суретін қараңыз)

Жоңқаны ұстап алу үшін жинақтағы шаң жинағыш қапты (37) пайдаланыңыз.

  • Тасымалдау тұтқасын (3) тігінен орнатыңыз.
  • Шаң жинағыш қапты (37), оның істігі сору адаптеріндегі (50) ойыққа кіретіндей етіп, сору адаптеріне енгізіп, бұраңыз.

Шаң жинағыш қап аралау кезінде жылжымалы құрылғы бөліктеріне тимеуі тиіс.

Шаң жинағыш қапты дер кезінде босатыңыз.

Сыртқы сорғыш

Шаң сору үшін сору адаптеріне (50) шаңсорғыш шлангісін (диаметрі 35 мм) де жалғауға болады.

  • Шаңсорғыш шлангісін сору адаптеріне (50) жалғаңыз.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.