Іске қосу

Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (7) пайдаланыңыз.

  • Жұмыс режимін ауыстыру үшін соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (7) қажетті күйге бұраңыз.

Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі мүмкін.

Ағаш, металл, керамика және пластмасса бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау күйі

Бетон немесе тас бойынша соққымен бұрғылау күйі

Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату қосқышы (7) бекітілмейді.

Қашау күйі

Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (10) электр құралының айналу бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.

Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.

  • Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (10) күйіне тірелгенше бұраңыз.
  • Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (10) күйіне тірелгенше бұраңыз.

  • Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (9) басып тұрыңыз.
  • Өшіру үшін ажыратқышты (9) жіберіңіз.

Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт өткеннен кейін толық бұрғылау/соққы қуатына жетеді.

Ажыратқышты (9) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналу жиілігін/соққы санын біртіндеп реттеуге болады.

Ажыратқышты (9) сәл басу төмен айналу жиілігін/соққы санын қосады. Қысым күшейсе, айналу жиілігі/соққы саны ұлғаяды.

Қашауды 12 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.

  • Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
  • Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (7) "Vario-Lock" күйіне бұраңыз.
  • Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне бұраңыз.
  • Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (7) "Қашау" күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші бұғатталады.
  • Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне орнатыңыз.