Бұрғылау патронын алмастыру

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату/шығару

GBH 2-26 RE/GBH 2-26 DRE

SDS plus жоқ құралдармен (мысалы, цилиндрлік білігі бар бұрғылар) жұмыс істеу үшін тиісті бұрғылау патронын орнатуыңыз керек (мысалы, тісті тоғыны бар немесе жылдам қысқыш бұрғылау патроны, керек-жарақтар).

  • SDS plus бекіткіш білігін (20) тісті тоғыны бар бұрғылау патронына (19) бұрап орнатыңыз. Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (19) бекіткіш бұрандамен (18) бекітіңіз. Бекіткіш бұранданың сол жақ ирек оймасы бар болуын қадағалаңыз.

  • Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
  • Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын өздігінен құлыптанғанша бекіткіш білікпен құрал бекіткішіне бұрап енгізіңіз.
  • Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының бекітілуін тартып тексеріңіз.

  • Бекіткіш төлкені (5) артқа жылжытып, тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (19) шығарып алыңыз.

Аустырмалы бұрғылау патронын шығару/орнату

GBH 2-26 DFR

Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығару (C суретін қараңыз)

  • Ауыстырмалы бұрғылау патронының құлыптау сақинасын (6) артқа тартып, оны осы күйде ұстап тұрыңыз және SDS plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алға тартып шығарыңыз.
  • Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығарғаннан кейін кірден тазалап шығыңыз.

Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнату (D суретін қараңыз)

  • Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнатудан бұрын тазалап, салынатын ұшын аздап майлаңыз.
  • SDS plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алақанмен ұстаңыз. Ауыстырмалы бұрғылау патронын, шерту дыбысы анық естілгенше, бұрғылау патронының бекіткішіне (21) бұрап кіргізіңіз.
  • Ауыстырмалы бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі. Ауыстырмалы бұрғылау патронының бекітілуін тарту арқылы тексеріңіз.