Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
- Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Тегістеу үшін электр құралды шаңсорғышқа қосу ұсынылады. Электр құралында желдеткіш жоқ; шаң қабын пайдалануға болмайды.
Сыртқы сорғыш
Сору шлангын (керекөжарақ) үрлеу құбырына (3) тікелей электр құралының үрлеу келте құбырларына (4) қосыңыз.
Нұсқау: Үрлеу құбыры (3) антистатикалық материалдан жасалған. Антистатикалық сору шлангін (жабдық) қосымша пайдалансаңыз, ажарлау кезінде құрылғыда кейде пайда болатын электростатикалық зарядтанудың алдын аласыз.
Шаңсорусыз жұмыс істегенде (мысалы, жылтыратуда) сору құбырын (3) алып тастауға болады. Ол үшін босату түймешесін (15) басып үрлеу құбырын (3) арқаға электр құралынан тартып алыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.