Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
- Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату (B суретін қараңыз)
Сору адаптерін (25) жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (14) тірелгенше енгізіңіз.
Сору адаптерін (25) диаметрі 35 мм сору шглангісіне жалғауға болады.
- Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы мүмкін.
- Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Дұрыс тартылуы үшін сору адаптерін (25) жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангты шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.