Іске қосу
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11) пайдаланыңыз.
- Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (10) басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11) қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі мүмкін.
Бетон немесе тас бойынша соққымен бұрғылау күйі
Ағаш, металл, керамика және пластмасса бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау күйі
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату қосқышы (11) бекітілмейді.
Қашау күйі
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (5) көмегімен электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады. Алайда ажыратқыш (7) басылғанда осы әрекетті орындау мүмкін емес.
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
- Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) тірелгенше солға қарай басыңыз.
- Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) тірелгенше оңға қарай басыңыз.
Нұсқау: егер айналу бағытын ауыстырып-қосқыш ортаңғы күйде тұрса, ажыратқыш бұғатталады.
- Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (7) басыңыз.
Жұмыс шамы (9) ажыратқыш (7) кішкене немесе толық басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
Электр құралын алғаш рет қосқан кезде, аздаған кідіріс орын алуы мүмкін, себебі электр құралының электроникасы алдымен конфигурациялануы қажет.
Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт өткеннен кейін толық бұрғылау/соққы қуатына жетеді.
- Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7) жіберіңіз.
Қашауды 44 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
- Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
- Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11) "Vario-Lock" күйіне бұраңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне бұраңыз.
- Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (11) "Қашау" күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші бұғатталады.
- Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне орнатыңыз.