Пайдалану нұсқаулары

Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Электр құралын әрдайым табақ бетіне тігінен ұстап, оны қисайтпаңыз.

Кесу штемпельді төмен қарай жылжыту арқылы орындалады. Электр құралын кесу бағытымен біркелкі және азғантай қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімін айтарлықтай қысқартады және электр құралын зақымдауы мүмкін.

Электр құралы кесу кезінде сәл көтерілсе, баяу жұмыс істейді. Штемпель кесу кезінде қысылып қалса, электр құралын өшіріп, штемпельді майлаңыз да, табақты босатыңыз. Күш салмаңыз, әйтпесе штемпель мен қалып зақымдалады.

Кесілетін табақтың максималды қалыңдығы dmax өңделетін материалдың беріктігіне байланысты болады.

Электр құралымен ең көбі мына қалыңдыққа ие табақтарды кесуге болады:

Материал

макс. беріктігі
(Н/мм2)

dmax
(мм)

Болат

400

1,6

600

1,0

800

0,7

Алюминий

200

2,0

Штемпельдің (8) қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жақсы салқындататын майлағыш құралды (мысалы, кескіш құралға арналған майды) пайдалану керек.

Табақтың жоғарғы жағына жоспарланған кесік сызығының бойымен майлағыш құралды жағыңыз.

Электр құралы сызғыш бойынша бағыттау кезінде тік кесіктер оңай орындалады.

Электр құралын үлгі бойымен бағыттау арқылы контурларды кесуге болады.

Ішкі кесіктер жасау үшін 22 мм диаметріндегі саңылауды алдын ала бұрғылау қажет.

Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына артық жүктеме түспейді. Артық жүктеме түскенде немесе рұқсат етілген аккумулятор температурасының диапазонынан тыс болғанда, жүріс саны қысқарады немесе электр құралы өшеді. Жүріс саны қысқарғанда, электр құралы аккумулятор рұқсат етілген температураға жеткеннен кейін толық жүріс санымен жұмыс істейді. Автоматты түрде өшкен жағдайда электр құралын өшіріп, аккумуляторды суытыңыз да, электр құралын қайтадан қосыңыз.