Қорғаныш аспапты орнату

Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.

Қысқыш иінтіректі (8) ашыңыз. Қорғаныш қаптаманы (6) кодтау жұдырықшасымен (7) шпиндель мойнындағы кодтау ойығына енгізіңіз, сонда қорғаныш қаптаманың қамыты электр құралының фланеціне кіруі тиіс, сонан соң қорғаныш қаптаманы (6) қалаулы позицияға дейін бұраңыз. Қысқыш иінтіректі (8) жауып қойыңыз.

  • Қорғаныш қаптаманы (6) операторға қарай ұшқын бағытталмайтындай етіп орнатыңыз.

Қорғаныш қаптама (6) құлпының қысу күшін реттеу бұрандасын (9) босату немесе тарту арқылы өзгертуге болады. Қорғаныш қаптаманың (6) тұрақты тұруына көз жеткізіп, оны жүйелі түрде тексеріңіз.

Нұсқау: қорғаныш қаптамадағы (6) кодтау жұдырықшалары тек электр құралына жарамды қорғаныш қаптаманың монтаждалуын қамтамасыз етеді.

Қорғайтын қаптаманы (33) шпиндель мойыншасына орнатыңыз. Қорғайтын қаптама (33) күйін жұмыс күнінің талаптарына сай етіп қорғайтын қаптаманы (33) бекіту бұрандасымен (32) бұғаттаңыз.

  • Қорғағыш қаптаманы (33) оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.

  • Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.

Кесуге арналған қорғаныш қаптама (34)/(16) бекіткіш бұрандамен ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (33) қысқыш иінтірекпен ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (6) сияқты монтаждалады.

  • Кесу үшін әрдайым кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (34)/(16) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қамтаманы (33)/(6) кесуге арналған қаптамамен (27) бірге пайдаланыңыз.

Кесуге арналған қаптама

Кесуге арналған қаптаманы (27) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (6)/(33) монтаждаңыз (A/D суретін қараңыз): иінтіректі кері қайырыңыз (➊). Қаптаманы (27) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (6)/(33) кигізіңіз (➋). Иінтіректі қорғаныш қаптамаға (6)/(33) қайтадан мықтап басыңыз (➌).
Бөлшектеу үшін (B/E суретін қараңыз) иінтіректі кері қайырыңыз (➊). Қаптаманы (27) қорғаныш қаптамадан (6)/(33) тартып алыңыз (➋).

Бағыттауыштары бар кесуге арналған сорғыш қаптаманы (21)/(35) шпиндель мойнына орнатыңыз. Сорғыш қаптаманың (21)/(35) күйін жұмыс барысының талаптарына сай реттеңіз. Сорғыш қаптаманы (21)/(35) бекіткіш бұранданың көмегімен бекітіңіз. Бағыттауыш ойықтары бар сорғыш қаптамаға (21)/(35) жарамды Bosch шаңсорғышын жалғауға болады. Ол үшін сорғыш шлангіні сору адаптерімен сорғыш қаптаманың арнайы кіріс келте құбырына жалғаңыз.

  • Резеңке ажарлау тәрелкесімен (23) немесе тостаған тәрізді қылшақпен/конустық қылшақпен/алмас бұрғылау коронкасымен жұмыс істеу үшін әрдайым қол қорғанысын (22) киіп жүріңіз.

Қол қорғанысын (22) қосымша тұтқамен (4)/(31) бекітіңіз.

Қосымша тұтқаны (4)/(31) жұмыс тәсіліне байланысты редуктор бастиегінің оң немесе сол жағына бұрап бекітіңіз.

  • Электр құралын тек қосымша тұтқамен бірге пайдаланыңыз: (4)/(31).
  • Қосымша тұтқа (4)/(31) зақымдалған жағдайда, электр құралын әрі қарай пайдаланбаңыз. Қосымша тұтқаға (4)/(31) ешқандай өзгерістер жасамаңыз.

Діріл басқыш қосымша тұтқа (31) дірілсіз және жайлы әрі қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.