Жұмыс құралын ауыстыру

Шаңнан қорғайтын қақпақ (3) жұмыс кезіндегі бұрғылау шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді. Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың (3) зақымдалмағанын тексеріңіз.

Құралды алмастыру

Алмалы-салмалы аспапты енгізу (B суретін қараңыз)

SDS max құрал бекіткішінің көмегімен алмалы-салмалы аспапты қосымша құралдарды пайдаланбай оңай және тез алмастыруға болады.

  • Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
  • Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне автоматты түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
  • Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп шығыңыз.

Алмалы-салмалы аспапты шығару (C суретін қараңыз)

  • Бекіткіш бұранданы (4) артынан жылжытып, алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.