Пайдаланушы интерфейсі
Пайдаланушы интерфейсі (7) (B суретін қараңыз) электр құралының айналу жиілігін және жұмыс режимін алдын ала таңдау және күйін көрсету үшін пайдаланылады.
Электр құралының күй индикаторы (11) электр құралының ағымдағы күйін хабарлайды.
Күй индикаторының түсі | Мағынасы | Шешімі |
---|---|---|
Жасыл | Электр құралы қосулы және жұмысқа дайын | − |
Сары | Критикалық температураға жетті | Электр құралын өшіріп, суытыңыз. |
Аккумулятор заряды таусылған дерлік | Аккумуляторды зарядтаңыз. | |
қызыл | Электр құралы қатты қызып кетті | Электр құралын суытыңыз. |
Аккумулятор заряды таусылған | Аккумуляторды зарядтаңыз. | |
Көк түспен жыпылықтайды | Электр құралы ақырғы мобильді құрылғымен байланыста/реттеулер көшірілуде | − |
Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесі (15) арқылы қажетті айналу жиілігін 3 деңгейде алдын ала таңдауға болады. (15) түймесін айналу жиілігінің индикаторында (16) қажетті реттеу көрсетілгенше басыңыз. Таңдалған реттеу сақталады.
Айналу жиілігінің реттеуін Bosch PRO360 App қолданбасы арқылы алдын ала таңдауға болады.
Қажетті айналу жиілігін материалмен жұмыс істеу жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Деңгей бойынша айналу жиілігінің негізгі реттеуі | |||
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | |
[мин-1] | [мин-1] | [мин-1] | |
Айналу жиілігі деңгейлерінің саны | |||
3 | 0–800 | 0–1500 | 0–2400 |
Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесімен (15) қажетті айналу жиілігін жұмыс істеген кезде де алдын ала таңдауға болады.
Пайдаланушы интерфейсін Bosch PRO360 App қолданбасындағы "Пайдаланушы интерфейсінің құлпы" функциясы арқылы құлыптауға және құлыптан босатуға болады.
Пайдаланушы интерфейсі арқылы құлыптау және құлыптан босату:
Bosch PRO360 App қолданбасында "Құрылғыны құлыптау (құлыптан босату)" функциясын іске қосыңыз.
Енді функция электр құралында да іске қосылған.
Пайдаланушы интерфейсін құлыптау немесе құлыптан босату үшін режим (13) және айналу жиілігін алдын ала таңдау (15) түймелерінің екеуін де 5 секунд басып тұрыңыз.
НҰСҚАУ: "Пайдаланушы интерфейсінің құлпы" функциясы қосылып тұрған кезде, электр құралы арқылы әдепкі реттеулерге қайтару автоматты түрде іске қосылады.
Электр құралында 2 алдын ала анықталған жұмыс режимі, A және B, (12) бар. Bosch PRO360 App қолданбасы арқылы, оған қоса A және B (12) индикациясында әртүрлі жұмыстар үшін жұмыс режимдерін бағдарламалауға және бар режимдерді бейімдеуге болады.
A және B жұмыс режимдерінің (12) арасында ауысу үшін (13) түймесін басыңыз.
Жұмыс режимінен шығу үшін айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесін (15) басыңыз.