Multi-Speaker Sound арқылы ағымдағы ойнатуды көшіру
Аудио көзі Bluetooth® немесе AUX арқылы ойнатылса, бұл ойнату процесін басқа құрылғыларға Multi-Speaker Sound функциясының (мысалы, GPB 18V‑6 C) көмегімен көшіруге болады.
- Multi-Speaker Sound арқылы тасымалдауды бастау үшін реттеулер түймесін (9) басып, <Start Multi‑Speaker Stream> (Multi-Speaker Stream трансляциясын бастау) опциясын таңдаңыз.
- Дисплейде <Start Multi‑Speaker Stream?> (Multi-Speaker Stream бастау қажет пе?) көрсетіледі. <Yes> (Иә) опциясы арқылы трансляцияны бастауға немесе <No> (Жоқ) опциясы арқылы өзгеріссіз артқа қайтуға болады.
Multi-Speaker Stream трансляциясының барысында дисплейде Multi-Speaker Sound тасымалдау индикаторы (f) көрсетіледі.
Ойнатылатын аудио көзі ауыстырылса (мысалы, Bluetooth® түрінен AUX түріне), Multi-Speaker Sound арқылы тасымалдау орындала береді.
- Multi-Speaker Sound арқылы тасымалдауды аяқтау үшін реттеулер түймесін (9) басып, <End Multi-Speaker Stream> (Multi-Speaker Stream трансляциясын аяқтау) опциясын таңдаңыз.
- Дисплейде <End Multi-Speaker Stream?> (Multi-Speaker Stream аяқтау қажет пе?) көрсетіледі. <Yes> (Иә) опциясы арқылы трансляцияны аяқтауға немесе <No> (Жоқ) опциясы арқылы өзгеріссіз артқа қайтуға болады.