AUX арқылы сыртқы аудио көздерін ойнату (B суретін қараңыз)
Жалғағыштар бөлімінің (21) қорғаныш қалпағын ашып, AUX кабелінің (29) 3,5 мм ашасын AUX ұяшығына (14) енгізіңіз. AUX кабелін тиісті аудио көзіне жалғаңыз.
<AUX> опциясын аудио көзі ретінде таңдаңыз. Аудио көзінен ойнатуды бастаңыз және басқарыңыз.
Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (21) қорғаныш қалпағын, AUX кабелінің ашасын шығарғанда, қайтадан жауып қойыңыз.
Егер AUX режимінде бағдарламаны сақтау түймелерінің (6) бірі басылса, радио қабылдағыш соңғы рет пайдаланылған радио жұмыс режимінде сақталған таратқышқа ауысады.