Сыртқы құрылғыларды USB порты арқылы зарядтау (B суретін қараңыз)

USB жалғағышының көмегімен электр қуатымен USB арқылы жабдықтауға болатын құрылғыларды (мысалы, әртүрлі мобильді телефондар) зарядтауға болады. Максималды зарядтау тогы 1,5 А құрайды.

Жалғағыштар бөлімінің (21) қорғаныш қалпағын ашыңыз. Сыртқы құрылғыны жарамды кабель арқылы радио қабылдағыштағы сыртқы құрылғыларға арналған шығыс портына (15) жалғаңыз.

Сыртқы құрылғыларды зарядтау мүмкін болуы үшін, радио қабылдағышты қосу керек.

Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (21) қорғаныш қалпағын, зарядтағыш кабельді шығарғанда, қайтадан жауып қойыңыз.