Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор салынған кезде, аккумулятордың (20) заряд деңгейін күй индикаторынан (11) анықтауға болады.
18 В аккумулятор динамиктен шығарылған болса, заряд деңгейін аккумулятордан да қарап шығуға болады.
Динамиктегі аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Егер динамик электр желісіне штепсельдік қуат блогы арқылы қосылмаған болса, күй индикаторында (11) қосқаннан кейін және түймені әр басқаннан кейін аккумулятор зарядының деңгейі көрсетіледі.
Жарық диоды | Қуаты |
---|---|
Үздіксіз жарық 5× жасыл | 80–100% |
Үздіксіз жарық 4× жасыл | 60–80% |
Үздіксіз жарық 3× жасыл | 40–60% |
Үздіксіз жарық 2× жасыл | 20–40% |
Үздіксіз жарық 1× жасыл | 5–20% |
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл | 0–5% |
18 В аккумулятордағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
18 В аккумулятор динамиктен шығарылса, заряд деңгейін аккумулятордағы заряд деңгейі индикаторының жасыл түсті жарық диодтары арқылы қарап шығуға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін, ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.
Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің индикаторы болмайды.
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диоды | Қуаты |
---|---|
Үздіксіз жарық 3× жасыл | 60–100% |
Үздіксіз жарық 2× жасыл | 30–60% |
Үздіксіз жарық 1× жасыл | 5–30% |
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл | 0–5% |
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диоды | Қуаты |
---|---|
Үздіксіз жарық 5× жасыл | 80–100% |
Үздіксіз жарық 4× жасыл | 60–80% |
Үздіксіз жарық 3× жасыл | 40–60% |
Үздіксіз жарық 2× жасыл | 20–40% |
Үздіксіз жарық 1× жасыл | 5–20% |
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл | 0–5% |