Пайдалану бойынша нұсқаулар
- Фрезаларды соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Параллель тірексіз жиектерді және профидьдерді фрезерлеу кезінде фреза бағыттағыш шетмойынмен немесе шарикті подшипникпен жабдықталуы керек.
Қосылған электр аспапты бағыттағыш шетмойын немесе шарикті подшипник дайындаманың өңделетін жиегіне тірелетіндей етіп қойыңыз.
Электр құралын дайындама шеті жағалай басқарыңыз. Сонымен қатар, тік бұрышты қойылуын қадағалаңыз. Тым қатты күш түсірген жағдайда дайындама жиегі зақымдануы мүмкін.
Жиекке параллель кесу үшін параллель тіректі (19) орнатуға болады.
Параллель тіректі (19) фреза қорабына (2) домалатпа басты бұрандамен (18) бекітіңіз.
Параллель тіректегі (20) қатпарлы бұрандамен қажетті тіреу тереңдігін реттеңіз.
Қосылған электр құралын біркелкі алға қарай жүріспен және параллель тіректі бүйірінен қысу арқылы дайындама жиегінің бойымен жүргізіңіз.
Бойлық тірек (21) жиектерді бағыттауыш шетмойынсыз немесе шарлы мойынтірексіз фрезерлеу үшін қолданылады.
Бойлық тіректі құрастырылған негізге (2) гайкамен (18) бекітіңіз.
Электр құралын біркелкі алға қозғалыспен дайындама жиегі бойымен жүргізіңіз.
Бүйірлік арақашықтық: алынатын материал мөлшерін өзгерту үшін дайындама мен сырғу тақтасының (24) арасындағы бүйірлік қашықтықты бойлық тіректе (21) реттеуге болады.
Қатпарлы бұранданы (22) босатыңыз, қатпарлы бұранданы (23) бұрау арқылы қажетті бүйірлік арақашықтықты реттеп, қатпарлы бұранданы (22) қайтадан қатайтыңыз.
Биіктік: пайдаланылатын фрезаға және өңделетін дайындаманың қалыңдығына қарай бойлық тіректің тік туралануын реттеп шығыңыз.
Бойлық тіректегі гайканы (18) босатып, бойлық тіректі қажетті күйге жылжытыңыз және бұранданы қайтадан қатайтыңыз.
Бұрыштық құрастырылған негіз (25) қол жеткізу қиын болатын жерлерде ламинацияланған жиектерді фрезерлеуге, арнайы бұрыштарды фрезерлеуге және жиектерді қисайтуға арналған.
Бұрыштық құрастырылған негізбен жиектерді фрезерлеген кезде, фреза бағыттауыш цапфамен немесе шарлы мойынтірекпен жабдықталуы қажет.
Бұрыштық құрастырылған негізді монтаждау үшін тиісті бөлімдегі жұмыс қадамдарын орындаңыз: қараңыз Құрастырылған негізді монтаждау (E-F суреттерін қараңыз).
Дәл бұрышқа қол жеткізу үшін, бұрыштық құрастырылған негізде (25) 7,5° қадамдар бойынша тіректер бар. Жалпы реттеу диапазоны 75° құрайды (алға қарай 45° және артқа қарай 30°).
Екі қатпарлы бұранданы (26) босатыңыз.
Қажетті бұрышты шкаланың (27) көмегімен реттеп, қатпарлы бұрандаларды (26) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Батырмалы блокпен (28) берік тірелген күйде ойықтар, жиектер, профильдер мен бойлық саңылауларды фрезерлеуге болады.
Батырмалы блоктағы (28) қысқыш иінтіректі (35) босатыңыз. Жетек блогындағы (1) және батырмалы блоктағы (28) қос көрсеткілерді бір-бірінің үстіне орнатыңыз. Жетек блогын батырмалы блокқа тірелгенше кіргізіңіз. Жетек блогын сағат тілінің бағытымен тірелгенше айналдырып, қысқыш иінтіректі (35) жабыңыз.
Жетек блогын (1) түсіру үшін құлыптан босату иінтірегін (36) босатып, қажетті тереңдікке жеткенше төмен итеріңіз. Құлыптан босату иінтірегін (36) жіберіңіз.
Ойықтарды фрезерлеуге арналған шаңсорғышты (37) немесе жиектерді фрезерлеуге арналған шаңсорғышты (38) монтаждаңыз.
Ауытқу блогы (29) домалақ тірек тақтасымен (7) қол жеткізу мүмкін болмайтын тар аймақтарда фрезерлеуге арналған (мысалы, тік беттердің жанында фрезерлеу).
Цангалы қысқышты (15) жетек блогынан (1) алып тастаңыз да, жетекші дөңгелекті (39) монтаждаңыз. Жетек блогын (1) ауытқу блогына (29) енгізіңіз. Белдікті жетекші шкив үстіне қою үшін бұрауышты ауытқу блогының тірек тақтасындағы саңылау (40) арқылы өткізіңіз.
Фрезаны сәйкесінше енгізіңіз қараңыз Фрезаны орнату (C–D суреттерін қараңыз). Шпиндельді бұғаттау тұтқасын (41) ауытқу блогына (29) басып, домалатпа гайканы (6) бұрап бекітіңіз.
Ауытқу блогының (29) ролик/төлке бағыттауышы (42) тірелмеген алмалы-салмалы аспаптармен фрезерлеу кезінде пайдаланылады. Ролик/төлке бағыттауышын (42) 2 бұрандамен бекітіңіз. Алынатын материалдың ені фрезаның алдыңғы жағы мен ролик/төлкенің алдыңғы жағының арасындағы реттелген қашықтық арқылы анықталады.
Көшіру төлкесінің (43) көмегімен контурларды үлгілер мен шаблондардан дайындамаға түсіруге болады.
Көшіру төлкесін шаблон немесе үлгі қалыңдығына сәйкес таңдаңыз. Көшіру төлкесінің шығып тұратын биіктігінен шаблон қалыңдығы 8 мм-ден кем болмауы керек.
Көшіру төлкелерімен фрезерлеу үшін тек көшіру төлкесінің ішкі диаметрінен 2 мм-ге кіші фрезаларды пайдаланыңыз.
Көшіру төлкесіне арналған адаптерді (44) тірек тақтасына (7) орнатыңыз. Адаптердің (44) астыңғы жағындағы екі саңылауды тірек тақтасымен (7) теңестіріңіз. Адаптерді (44) жеткізілім жиынтығындағы бұрандалармен бекітіңіз.
Тірек тақтасы (7) зауытта ортаға келтірілген. Осылайша фреза тірек тақтасының және көшіру төлкесінің (43) ортасына орналастырылған. Тірек тақтасын немесе көшіру төлкесін барынша дәл ортаға келтіру үшін қосымша ортаға келтіру құрылғысын пайдаланыңыз.
Адаптерді (44) көшіру төлкесін (43) монтаждаңыз. Тірек тақтасындағы (7) 4 бұранданы босатыңыз. Ортаға келтіру білігін (45) тірек тақтасы арқылы цангалы қысқышқа (15) кіргізіп, домалатпа гайкамен (6) бекітіңіз. Ортаға келтіру білігін тірек тақтасына немесе көшіру төлкесіне сәл кіргізіңіз. Бұрандаларды тірек тақтасына (7) қайтадан бұрап бекітіңіз. Ортаға келтіру білігін (45) алып тастаңыз.
Ортаға келтіру конусын (46) тірек тақтасын немесе кеңірек көшіру төлкелерін ортаға келтіру үшін пайдалануға болады.
Егер жетек блогы (1) құрастырылған негізде (2) бұдан былай берік орналаспаса, қысқыш иінтіректің (10) керіліс күшін қосымша реттеу қажет.
- Қысқыш иінтіректі (10) ашыңыз.
- Гайканы (31) айыр тәрізді кілтпен (8 мм) шамамен 45°-қа сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
- Қысқыш иінтіректі қайта жабыңыз.
- Жетек блогының (1) берік қатайтылғанын тексеріп шығыңыз. Гайканы (31) тым қатты қатайтпаңыз.