Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы ажыратқыш жартылай немесе толық басылғанда бірнеше секунд ішінде аккумулятор зарядының деңгейін көрсетеді.
Жарық диоды | Қуаты |
---|---|
Үздіксіз жарық 3× жасыл | 60–100% |
Үздіксіз жарық 2× жасыл | 30–60% |
Үздіксіз жарық 1× жасыл | 5–30% |
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл | 0–5% |
Температураны бақылау/артық жүктемеден қорғаныс индикаторы
Қызыл түсті жарық диодты индикатор аккумуляторды қатты қызып кетуден және қозғалтқышты артық жүктемеден қорғайды.
Жарық диодты индикатор тұрақты түрде қызыл түспен жанып тұрса, бұл аккумулятор температурасының тым жоғары екендігін білдіреді және электр құралы автоматты түрде өшіп қалады.
- Электр құралын өшіріңіз.
- Жұмысты жалғастырудан бұрын аккумуляторды суытыңыз.
Жарық диодты индикатор қызыл түспен жыпылықтаса, бұл электр құралының бұғатталғанын білдіреді және ол автоматты түрде өшіп қалады.
Электр құралын дайындамадан тартып алыңыз.
Бұғатталу мәселесі шешілгеннен кейін, электр құралы жұмысын жалғастырады.