Ақаулықтарды жою

Назар аударыңыз! Сорғыш денсаулыққа зиян келтіретін шаңды жұтады. Осы нұсқаулықтағы қауіпсіздік техникасының барлық нұсқауларын орындаңыз.

Мәселе

Шешімі

Сору турбинасы жұмыс істемей тұр.

  • Желілік кабельді, желілік ашаны, сақтандырғышты, розетканы және толтыру деңгейінің датчиктерін (40) тексеріңіз.

Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш (7) "Іске қосу/тоқтату автоматикасы" режимінде тұр.

  • Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Сору" белгісіне орнатыңыз немесе розеткаға (5) жалғанған электр құралын іске қосыңыз.

Сору турбинасы өшеді.

  • Контейнерді (1) босатыңыз.

Сору турбинасы контейнер босатылғаннан кейін де жұмыс істемей тұр.

  • Шаңсорғышты өшіріп, 5 секунд күтіңіз, 5 секунд өткеннен кейін қайта қосыңыз.
  • Толтыру деңгейінің датчиктерін (40) және датчиктердің (40) бос орнын қылшақпен тазалаңыз.

Сору қуаты төмендеді.

  • Сору саптамасын, сору құбырын (33), сорғыш шлангіні (25) немесе жалпақ қатпарлы сүзгіні (28) жиналып қалған кірден тазартыңыз.
  • Қоқыс қабын (27) немесе қорғаныш сүзгі қабын (26) алмастырыңыз.
  • Сүзгі қақпағын (39) дұрыс бекітіңіз.
  • Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (12) дұрыс орнатып, құлыптарын (13) жабыңыз.
  • Жалпақ қатпарлы сүзгіні (28) алмастырыңыз.

Шаң сору кезінде шаң шығып жатыр

  • Жалпақ қатпарлы сүзінің (28) дүрыс орнатылғанын тексеріңіз.
  • Жалпақ қатпарлы сүзгіні (28) алмастырыңыз.

Өшіру автоматикасы (ылғалды сору) жұмыс істемей тұр.

  • Толтыру деңгейінің датчиктерін (40) және датчиктердің (40) бос орнын қылшақпен тазалаңыз.

Сұйықтықтар ток өткізбейтін болса немесе көбік пайда болса, өшіру автоматикасы жұмыс істемейді.

  • Толтыру деңгейін жүйелі түрде бақылаңыз.

Дыбыстық ескерту сигналы беріледі.

Тым төмен сору қуаты орнатылған.

  • Сору қуатын реттегішті (8) жоғарырақ мәнге орнатыңыз.

Дұрыс емес шланг диаметрі орнатылған.

  • Ауа ағынын реттегішті (6) сору шлангінің дұрыс диаметріне сәйкес орнатыңыз.

Сорғыш шланг (25) бітелген немесе бүктелген.

  • Бітелісті немесе бүктелуді кетіріңіз.

Қоқыс қабы/қорғаныш сүзгі қабы толып кетті.

  • Қоқыс қабын (27) немесе қорғаныш сүзгі қабын (26) алмастырыңыз.

Жалпақ қатпарлы сүзгі (28) ластанған.

  • Жаопақ қатпарлы сүзгіні тазалаңыз немесе қажет болса, алмастырыңыз.

Жалғанған электр құралы арқылы жеткілікті ауа ағыны өтпей жатыр.

  • Қосымша ауа саңылауын (36) сору адаптерінде (23) ашыңыз: сору адаптеріндегі сақинаны қосымша ауа саңылауы толығымен ашылғанша бұрап тұрыңыз.
  • Бар болса: электр құралының қосымша ауа саңылауын ашыңыз.

Бақылау электроникасы қате жұмыс істеп тұр.

  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы жұмыс істемей тұр.

  • Сүзгі тазалау функциясын іске қосыңыз (AFC түймесін (9) басыңыз).
  • Сорғыш шлангіні (25) жалғаңыз.

Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын өшіру мүмкін емес.

  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын қосу мүмкін емес.

  • Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.