Қолданысқа енгізу

  • Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (7) басыңыз.
    Пайдаланушы интерфейсі жанады.
    GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD: бірмәртелі іске қосу белсенді болып, бірмәртелі іске қосу индикаторы (31) жанады.
  • Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7) басыңыз.

  • Электр құралын қосыңыз.
  • Ауызды (18) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
    Жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады.
  • Содан кейін іске қосу құрылғысын (6) қысқа уақыт басыңыз да, жіберіңіз.
    Сонда шеге шығарылады.
  • Электр құралын дайындамадан кері жылжытыңыз.
  • Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын дайындамадан толықтай шығарып, оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.

(GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD)

  • Электр құралын қосыңыз.
  • Режим түймесін (30) қысқаша басу арқылы түйіспелі іске қосу режимін белсендіріңіз.
    Түйіспелі іске қосу индикаторы (32) жанады.
  • Іске қосу құрылғысын (6) басып тұрыңыз.
    Жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады.
  • Ауызды (18) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
    Сонда шеге шығарылады.
  • Қағу әрекетін жалғастыру үшін іске қосу құрылғысын (6) ары қарай басып тұрыңыз және электр құралын дайындамадан толықтай көтеріп алыңыз. Оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
  • Режим түймесін (30) қайта басу арқылы бірмәртелі іске қосу режиміне ауысыңыз.
    Бірмәртелі іске қосу индикаторы (31) жанады.