Бағыттау көмекші құралын реттеу (G суретін қараңыз)

Қауіпсіз және дәл кесік жасау үшін әрдайым бағыттау көмекші құралын (10) пайдаланыңыз.

Бағыттау көмекші құралының ұзындығын белгілі бір кесікке сәйкес реттеңіз.

Бұл үшін бағыттау көмекші құралының екі бұрандасын (18) алтықырлы дөңбек кілтпен (8) босатыңыз. Бағыттау көмекші құралын (10) қажетінше тартыңыз. Екі бұранданы (18) алтықырлы дөңбек кілтпен (8) орнына тартыңыз.

Электр құралын тасымалдау және сақтау үшін бағыттау көмекші құралын (10) артқа тірелгенше жылжытыңыз.