Қорғаныш аспапты орнату
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Қыспа иінтіректі (8) ашыңыз. Қорғаныш қаптаманы (6) кодтау жұдырықшасымен (7) шпиндель мойнындағы кодтау ойығына енгізіңіз, сонда қорғаныш қаптаманың қамыты электр құралының фланеціне кіруі тиіс, сонан соң қорғаныш қаптаманы (6) қалаулы позицияға дейін бұраңыз. Қыспа иінтіректі (8) жауып қойыңыз.
- Қорғағыш қаптаманы (6) оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
Қорғаныш қаптама (6) құлпының қысу күшін реттеу бұрандасын (9) босату немесе тарту арқылы өзгертуге болады. Қорғаныш қаптаманың (6) тұрақты тұруына көз жеткізіп, оны жүйелі түрде тексеріңіз.
Нұсқау: қорғаныш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары (6) тек электр құралына жарайтын жабдықты орнатуды қамтамасыз етеді.
Бағыттауыш ойықтары бар кесуге арналған қорғаныш қаптама (21) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамамен бірдей орнатылады.
(4)/(30) қосымша тұтқасын сорғыш қаптамадағы қапсырма көмегімен редуктор корпусына бекіту арқылы электр құралы сорғыш қаптамамен берік байланыстырылады. Бағыттауыш ойықтары бар сорғыш қаптамаға (21) жарамды Bosch шаңсорғышын жалғауға болады. Ол үшін сорғыш шлангіні сору адаптерімен сорғыш қаптаманың арнайы кіріс келте құбырына жалғаңыз.
Қосымша тұтқаны (4)/(30) жұмыс тәсіліне байланысты редуктор бастиегінің оң немесе сол жағына бұрап бекітіңіз.
- Электр құралын тек қосымша тұтқамен бірге пайдаланыңыз: (4)/(30).
- Қосымша тұтқа (4)/(30) зақымдалған жағдайда, электр құралын әрі қарай пайдаланбаңыз. Қосымша тұтқаға (4)/(30) ешқандай өзгерістер жасамаңыз.
Діріл басқыш қосымша тұтқа (30) дірілсіз және жайлы әрі қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.