Басты тұтқаны бұрау
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Ажыратқыш (3) өшірулі күйде болуы керек.
Басты тұтқаны (32) қозғалтқыш корпусына 90° шамасына солға немесе оңға бұрауға болады. Осылайша ажыратқышты жұмысқа ыңғайлы күйге орнатуға болады, мысалы, кесу жұмыстары үшін қорғаныш қаптамамен және бағыттауыштармен (21) немесе солақайлар үшін.
Тұтқа ысырмасын (33) басып, басты тұтқаны (32) құлыптан босатыңыз және дәл сол уақытта басты тұтқаны (32) қалаулы күйге тірелгенше бұраңыз.