Қауіпсіздік нұсқаулары
Floor Removal Cart құралымен және пайдаланылатын балғамен бірге берілген барлық қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және пайдалану бойынша нұсқауларды оқып шығыңыз. Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен пайдалану бойынша нұсқаулардың сақталмауы ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақат алуға апарып соғуы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен пайдалану бойынша нұсқауларды болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Жинау механизмінің аймағы ешқашан ұстмаңыз. Жарақаттануыңыз мүмкін.
- Қорғайтын көзілдірік, көз қорғанысы, тыныс жолдарын қорғайтын маска және сақтандырғыш аяқ киім сияқты жеке қорғаныс жабдығын тағып жүріңіз.
- Желілік ашаны жалғау немесе ажырату алдында балға өшірулі болғанына көз жеткізіңіз. Желілік ашаны тек жұмыс істеу үшін салыңыз.
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Арбаша тегіс бетте тұрған кезде ғана балғаны арбашаға монтаждаңыз. Арбаша бақылаусыз қозғалуы және балға құлауы мүмкін. Жарақат алу қаупі бар.
- Жұмыстарды бастамас бұрын немесе арбашаны монтаждалған балғамен бірге тасымалдау алдында балғаның дұрыс монтаждалғанына және барлық бұрандалардың тартылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе балға бақылаусыз қозғалуы мүмкін. Жарақат алу қаупі бар.
- Балғаны арбашаға әр монтаждамас бұрын және монтаждалған балғаны әр пайдаланбас бұрын желілік жалғағыш сымда зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз. Монтаждалған балғаны пайдалану кезінде желілік жалғағыш сымды зақымдап алмау үшін сақ болыңыз. Зақымдалған желілік жалғағыш сымды өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына ауыстыруға тапсырыс беріңіз. Зақымдалған желілік жалғағыш сым арбашамен жанасқан жағдайда ток соғуға әкелуі мүмкін.
- Тек балғаның пайдалану бойынша нұсқаулығында рұқсат етілген алмалы-салмалы аспаптарды пайдаланыңыз.
- Балға монтаждалған арбашаны жібермеңіз және балға қосылып тұрған кезде, арбашаны тасымалдамаңыз. Арбаша кенет жылжыған кезде, балғаның қағу функциясы іске қосылуы мүмкін.
- Арбашаға монтаждалған балғаны тек тегіс бетте және екі жағынан монтаждалған дөңгелекшелермен бірге қолданыңыз. Әйтпесе арбаша құлауы мүмкін.
- Монтаждалған балға пайдаланылғаннан кейін тік күйге қойылғанына көз жеткізіңіз. Осылайша арбаша жақсы көрінетіндей тұрып, құлау жағдайларының алдын алуға болады.