Метал қайшысы үшін қаупсіздік нұсқаулары
- Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған. Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін емес.
- Тек орнатылған жоңқа бағыттауышымен жұмыс істеңіз. Жоңқа бағыттауышының зақымдалмағанына немесе қисық болмауына көз жеткізіңіз. Жоңқа бағыттауышынсыз немесе зақымдалған жоңқа бағыттауышымен жұмыс істеген кезде, жарақаттану қаупі туындайды. Зақымдалған жоңқа бағыттауышын өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығында алмастырыңыз.
- Жұмыс істеген кезде қолғап киіңіз. Кесілген метал бөліктерінің дене жағына бүгілмеуіне көз жеткізіңіз. Кесілген табақта өткір қыр пайда болып, жарақаттануыңыз мүмкін. Керек болса бүгілетін метал бөліктеріне қолғап киіп, денеден ары басыңыз.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |