Пайдалану түрлері
Барлық 3 жұмыс режимі өлшеу құралының көлденең және тік күйінде жұмыс істейді.
Ротациялық режим
Ротациялық режим әсіресе лазер қабылдағышын пайдаланған кезде ұсынылады. Әртүрлі айналу жылдамдықтарының арасында таңдауға болады.
Сызықтық режим
Бұл режимде айнымалы лазер сәулесі шектелген саңылау бұрышында қозғалады. Осылайша лазер сәулесінің көрерлігі ротациялық режимге қарағанда артық болады. Әртүрлі саңылау бұрыштарының арасында таңдауға болады.
Нүктелі режим
Бұл режимде айнымалы лазер сәулесінің үздік көрерлігіне қол жеткізіледі. Ол, мысалы, биіктіктерді оңай көшіру немесе өзіктестікті тексеру үшін пайдаланылады.
Сызықтық және нүктелі режимдер лазер қабылдағышымен (30) бірге пайдалануға арналмаған.
Өлшеу құралы әр қосылғаннан кейін стандартты айналу жылдамдығымен (300 мин–1) ротациялық режимде болады.
Сызықтық режимнен ротациялық режимге ауысу үшін ротациялық режим түймесін (5) немесе қашықтан басқару құралының ротациялық режим түймесін (20) басыңыз.
Айналу жылдамдығын өзгерту үшін ротациялық режим түймесін (5) немесе қашықтан басқару құралының ротациялық режим түймесін (20) қажетті жылдамдыққа қол жеткізгенше басыңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеген кезде ең жоғары айналу жылдамдығын таңдау керек. Лазер қабылдағышынсыз жұмыс істегенде лазер сәулесінің көрерлігін жақсарту үшін айналу жылдамдығын төмендетіңіз және лазер көру көзілдірігін (40) пайдаланыңыз.
Сызықтық немесе нүктелі жұмыс режиміне ауысу үшін сызықтық режим түймесін (11) немесе қашықтан басқару құралының сызықтық режим түймесін (21) басыңыз.
Өлшеу құралы сызықтық режимге ең кіші аралық бұрышында ауысады.
Саңылау бұрышын өзгерту үшін сызықтық режим түймесін (11) немесе қашықтан басқару құралының сызықтық режим түймесін (21) қажетті жұмыс режиміне жеткенше басыңыз. Саңылау бұрышы әр басқан сайын деңгей бойынша үлкейіп, дәл сол уақытта айналу жылдамдығы әр деңгейде көтеріледі.
Үлкен саңылау бұрышында өлшеу құралы қысқа қосымша дірілден кейін нүктелі режимге ауысады. Сызықтық режим түймесі (11) қайта басылғанда, ең кіші саңылау бұрышына ие сызықтық режимге қайтасыз.
Нұсқау: инерцияға байланысты лазер сызығының ақырғы нүктесінен азғантай лазер шығып қалуы мүмкін.