Ажарлауыш құралдарын орнату

Тегістеу шпинделін (22) және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.

Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін (3) басып, шпиндельді бекітіңіз.

Диаметрі 125 мм ажарлағыш/кескіш диск

Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.

Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).

Монтаждау реттілігі графикалық бетте көрсетілген.

Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін жылдам қысқыш гайканы (20) басқа құралсыз пайдаланыңыз.

Жылдам қысқыш гайканы (20) тек макисмалды диаметрі 125 мм құрайтын ажарлағыш/кескіш дискілер үшін пайдаланыңыз.

Ажарлау шпинделін бекіту үшін шпиндельді бұғаттау түймесін (3) басыңыз. Жылдам қысқыш гайканы (20) бекіту үшін жылдам қысқыш гайканың қапсырмасын жоғары қайырып, жылдам қысқыш гайканы сағат тілінің бағытымен күштеп бұраңыз. Содан кейін жылдам қысқыш гайканы бекіту үшін қапсырманы төмен қайырыңыз. Диск жиегінен тарту жеткілікті емес.

Тиісінше бекітілген, зақымдалмаған жылдам қысқыш гайканы (20) қолмен босатуға болады. Ол үшін жылдам қысқыш гайканың қапсырмасын жоғары қайырып, жылдам қысқыш гайканы сағат тілінің бағытына қарсы күштеп бұраңыз. Ешқашан қатты бекемделген жылдам қысқыш гайканы құралдың көмегімен босатпаңыз, оның орнына екі саңылаулы гайка кілтін пайдаланыңыз.

Тірек фланеці мен ажарлағыш/кескіш дискіні орнатқаннан кейін, ажарлау шпинделі ирек оймасының ұзындығы кемінде 4 мм болуы тиіс.

Ажарлағыш құралдың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз, сонда ол электр құралының шығысында шпиндельден шығып кетпейді.

M 14 ажарлау шпинделіне арналған қысқыш фланец:

Тірек фланецінде (13), ортаға келтіру буылтығының айналасында пластие бөлшек (тығыздауыш сақина) орнатылған. Тығыздауыш сақина жоқ немесе зақымдалған болса, тірек фланецін (13) ары қарай пайдаланбай тұрып, міндетті түрде ауыстыру керек.

Диаметрі 100 мм ажарлағыш/кескіш диск

Қапсырмасы бар жылдам қысқыш гайканы (20) диаметрі 100 мм ажарлағыш/кескіш дискілер үшін пайдалануға кеңес берілмейді.

Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.

Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда, алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).

Орнату реттілігі графикалық бетте көрсетілген.

Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін қысқыш гайканы (19) орнатыңыз және екі саңылаулы гайка кілтімен бұрап бекітіңіз.