Ұзартқыш құбырды енгізу/шығару (C−D суреттерін қараңыз)
Ұзартқыш құбырларды (9) тек қажет болғанда енгізіңіз: ұзартқыш құбырсыз жұмыс істеген кезде, ажарлау үшін қолданылатын қажетті күш айтарлықтай азаяды.
Нұсқау: ең көбі 2 ұзартқыш құбырды енгізуге болады.
Ажарлағыш бастиек/ұстауға арналған тетік/ұзартқыш құбыр арасындағы қосылымды босату (C суретін қараңыз):
- ➊ Қысқыш иінтіректі (8) ашыңыз.
- ➋ Бекіткіш ілмекті (7) ашыңыз.
- ➌ Алдында қосылған бөлшектерді бөлшектеңіз.
Ажарлағыш бастиек/ұстауға арналған тетік/ұзартқыш құбыр арасындағы қосылымды жабу (D суретін қараңыз):
- ➍ Қалаулы қосылымға байланысты ажарлағыш бастиекті (10), ұстауға арналған тетікті (6) немесе ұзартқыш құбырларды (9) бір-біріне кіргізіңіз.
- ➎ Бекіткіш ілмекті (7) жабыңыз.
- ➏ Қысқыш иінтіректі (8), ол ажарлағыш бастиекке (10), ұстауға арналған тетікке (6) немесе ұзартқыш құбырға (9) тік бұрышта тұратындай басыңыз.
- ➐ Эксцентриктік бұранданы (20) мықтап тартыңыз.
- ➑ Қысқыш иінтіректі (8) жабыңыз.
Әрдайым барлық жалғағыш тетіктердің бекіткіш ілмекпен (7) және қысқыш иінтіректермен (8) бекітілгенін және берік байланыстырылғанын тексеріп тұрыңыз.