Шаңды және жоңқаларды сору
Материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі бір шаң түрлері канцерогенді болып есептеледі.
- Мүмкіндік болса, осы материал үшін жарамды шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
- Әрдайым P2 сүзгі класындағы респираторды киіп жүріңіз.
Шаңсорғышты жалғау (E суретін қараңыз)
Пайдаланылатын шаңсорғышқа байланысты екі жалғау мүмкіндігінің бірін таңдаңыз:
- Сорғыш шлангіні (21) ұстауға арналған тетіктегі (6) үрлеп шығару келте құбырына (5) енгізіп, бекітіңіз. Сорғыш шлангіні (21) шаңсорғышқа қосыңыз.
- Адаптерді (22) үрлеп шығару келте құбырына (5) енгізіп, бекітіңіз. Шаңсорғыштың саптамасын (23) адаптерге (22) енгізіңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Кең беттер үшін GAS 35 L/M AFC немесе GAS 55 M AFC сорғышын қолданыңыз, себебі олар қажетті үздіксіз сору қуатын қамтамасыз етеді.
Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.
Шланг/кабель қысқышын монтаждау/бөлшектеу (F суретін қараңыз)
Шланг/кабель қысқышын (24) сорғыш шланг (21) үстінен қайырыңыз. Желілік кабельді шланг/кабель қысқышындағы кабель ойығына салыңыз.
Бөлшектеу үшін шланг/кабель қысқышын (24) сорғыш шлангіден (21) тартып шығарыңыз да, желілік кабельді шланг/кабель қысқышынан суырыңыз.